Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыздың денесі он күннен соң табылды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында Арыс өзеніне батып кеткен төрт жасар қыздың денесі табылды. Құтқарушылар бүлдіршіннің денесін бүгін түстен кейін тапқан, деп жазады "Отырар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

17 наурыз күні Еңбек ауылында бір үйдің екі қызы өзен жағасынан өтіп бара жатқан. Сол кезде кішкентай 4 жасар қыз байқаусызда суға құлап, оны ағыс алып кетеді.

Он күннен бері іздеу жұмыстары жүргізіліп, қыздың денесі бүгін табылды. Бүлдіршіннің өлі денесі Сайрам ауданына қарасты Арыс ауылынан табылған.

Айта кетелік, төрт жасар қызды іздеуге құтқарушылар, полицейлер мен еріктілер атсалысқан болатын.

Бұдан бөлек бүгін Түркістанда 11 жасар қыздың жоғалып кеткені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014089-turkistan-oblysynda-suga-ketken-4-zasar-qyzdyn-denesi-on-kunnen-son-tabyldy/

pixel