Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетінен атып жіберген": Алматыдағы базарда жүргізушілер арасында жанжал шықты

Опубликовано:

Базарда жанжалдасып қалған екі ер адам
Базарда жанжалдасып қалған екі ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/krispi_almaty

Алматыдағы базарлардың бірінде екі көлік жүргізуші арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Күдікті ұсталып, қару тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-дағы ресми арнасында.

Оқиға орнынан түсірілген кадр Instagram желісіндегі krispi_almaty паблигінде пайда болды.

Видеодан екі адамның арасындағы келіспеушіліктен кейін, бірінің қару қолданғанын байқауға болады. Қару атылған соң екінші ер адам бетін ұстап, артқа шегінеді. Ал атқан ер адам минивэн рөліне отырып, оқиға орнынан кетіп қалады.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, шаһардағы базарлардың бірінің аумағында екі көлік жүргізушісінің арасында жанжал туындаған. Кейін олардың бірі екіншісінің бетінен атқан.

Ведомствоның дерегінше, қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Күдікті қамауға алынып, одан ИЖ газ тапаншасы тәркіленген.

Полиция оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014191-betinen-atyp-zibergen-almatydagy-bazarda-zurgizusiler-arasynda-zanzal-syqty/

pixel