Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтіріп кетті: оқиғаға қатысты жаңа дерек жарияланды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен ұлы қаза тапты
Пәтердің терезесі. Фото: Астана телеарнасы

Өткен түні Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен 16 жастағы баласының денесі табылды. Сондай-ақ ауыр жарақат алған 13 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген болатын. Қалалықтарды шошытқан жантүршігерлік қылмысқа қатысты марқұмдардың көршілері мен туыстары пікір білдірді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жалғызбасты келіншек екі баласымен осы үйдің екінші қабатында тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем келіп, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.

"Біз естігенде есеңгіреп болдық. Негізі подьезіміз тыныш. Мұндай болады деп ойламадық. Күтпеген жағдай", - деді көршісі Рафаэль Каримов.

Телеарнаның ақпаратынша, марқұм әйел алты жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Сол бұрынғы жолдасы да күні кеше өзіне-өзі қол салған.

"Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі - менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді", - дейді қыздың әжесі Татьяна Игнатьева.

Полицияға қыз бала телефон шалып, көмек сұраған.

Айта кетсек, аман қалған қыз бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014623-aqtobede-anasy-men-ulyn-oltirip-ketti-oqigaga-qatysty-zana-derek-zariyalandy-video/

pixel