Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес күн бұрын із-түзсіз жоғалған түркістандық оқушы қыздың денесі судан табылды

Опубликовано:

Оқиға орнында жүрген полция қызметкері мен тұрғындар
Оқиға орнында жүрген полция қызметкері мен тұрғындар. Фото: https://t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысында осыда бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың денесі Арыс-Түркістан суару каналынан табылды. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Бүгін сағат 10:10-да Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Арыс-Түркістан суару каналынан яғни оқиға орнынан 11 километр жерден жоғалып кеткен қыздың денесін тауып, судан шығарды", - делінген ТЖД хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 25 наурыз күні 17:00 шамасында 11 жастағы қыздың үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған едік.

Кейін полиция қызметкелері онымен ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу барысында, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, табылмай жатқан жасөспірімнің сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын анықтаған.

Жасөспірім қызды іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қосқанда 139 адам мен 16 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014713-bes-kun-buryn-iz-tussiz-zogalgan-turkistandyq-oqusy-qyzdyn-denesi-sudan-tabyldy/

pixel