Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айқайлап, анасын шақырған": Жамбыл облысында қираған ғимарат ішінде баланың аяғы қысылып қалды

Опубликовано:

Қираған ғимарат
Қираған ғимарат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жамбыл облысы Қаратау қаласында қираған ғимарат ішіндегі тақтайшалардың арасында кішкентай бала қалып қойған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 30 наурызда Жамбыл облысы, Қаратау қаласында болған.

"Құрылысы бұзылған ғимарат маңында ойнап жүрген кәмелет жасына толмаған баланың аяғы саңылауға қысылып қалған. Аяғын өздігінен шығара алмаған бала айқайлап, анасын көмекке шақырған", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ анасы да көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды көмекке шақырған.

"Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шұғыл жетіп, авариялық-құтқару құралдарының көмегімен баланы құтқарып, анасына табыстады. Анасы да өз кезегінде жедел әрекет еткен құтқарушыларға алғысын білдірді", - деп жазылған ресми хабарламада.

Төтенше жағдай министрлігінің өкілдері ата-аналарға қауіпті және қараусыз қалған жерлерде ойнауға жол бермеуін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015294-aiqailap-anasyn-saqyrgan-zambyl-oblysynda-qiragan-gimarat-isinde-balanyn-ayagy-qysylyp-qaldy/

pixel