Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы пышақ жарақатын алған

Опубликовано:

сынып
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы білім ошағының ғимаратында пышақ жарақатын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 4 сәуірде қала мектептерінің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан бір оқушы пышақ жарақатын алған.

"Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық олиция департаменті өкілдері.

Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-анасына қарауына тапсырылды. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015610-qyzylordadagy-mektepterdin-birinde-oqusy-pysaq-zaraqatyn-algan/

pixel