Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінде көз жұмды": БҚО-да 14 жастағы жасөспірім өз әкесін көлікпен басып кетті

Опубликовано:

Көліктің дөңгелегі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы жасөспірім өз әкесін көлікпен басып кетті. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүк мәшинесін жөндеп жатқан азамат баласына тежегішті басуды тапсырған. Сол кезде ауыр техника орнынан жылжып кетіп, 46 жастағы азамат көлік дөңгелегінің астында қалады.

Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жеткізілгенімен, көз жұмды. Қазір полиция осы оқиға факті бойынша көлік құралын пайдалану қағидасын бұзу дерегімен қылмыстық іс қозғады. Мән-жайды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Алдағы уақытта полиция департаменті осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін кәмелетке толмаған балаларды осындай техникаға араластырмауын сұрайды. Өйткені, арты осындай қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін", - дейді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015797-zansaqtau-boliminde-koz-zumdy-bqo-da-14-zastagy-zasospirim-oz-akesin-kolikpen-basyp-ketti/

pixel