Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында анасы күтушіге тастап кеткен бір жасар сәби жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Сәбидің аяқтары
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысы Жаңалық ауылында ата-анасы күтушіге қалдырған бүлдіршін шетінеп кетті. Бір жасар сәбидің өліміне не себеп болғаны анықталуда, деп хабарлайды Астана арнасы.

Шетінеген сәбидің ата-анасы көршісіне балаларын соңғы екі айдан бері әкеп жүрген. Себебі өздері қалада ауысыммен жұмыс істейді. Көршісі де балаларды ақылы түрде бағып беруге келіскен.

Әдеттегідей, жұмыстан кейін екі баласын алып кетуге келген ата-ана кіші ұлының есінен танып жатқанын көреді. Дереу жедел жәрдем шақырғанымен, бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Күтушінің сөзінше, ол шай демдеп келгенде қызының сәбиді буындырып жатқан жерінен түскен.

"Өзімнің 3 жасар қызым сенің балаңды тұншықтырып жатыр екен. Осылайша бала қайтыс болды", - деді. Біз экспертизаға барғанда басының ұрылғанын да айтты. Мойнында іздері болған. Ол әйел бостандықта жүр. Неге он күнде босап шығады?!", - дейді сәбиінен айырылған ана Алтынай Кучерова.

Әділдік іздеген ата-ана күдіктінің неліктен бостандыққа шыққаннын түсінбей дал. Олар бұл іс аяғына дейін жетпей қала ма деп қорқады. Құзырлы органдардың табалдырығын тоздырғанымен, ешкімнен мардымды жауап ала алмаған.

Айыпталушының ата-анасы қызының мұндай ауыр қылмысқа қасақана баруы мүмкін екендігіне сенбейді.

"Тәрбиелі, жақсы-ақ. Балажан, ашық, сондай өзі мейірімді. Бәріне жаны ашып тұратын. Батып тұр жаныма", - дейді айыпталушының анасы Батихан Талдыбаева.

Талғар аудандық прокуратурасының ақпаратынша, әу баста бұл іс "Қылмыстық кодекстің" 141-бабы бойынша қозғалған. Кейін 99-бап, яғни, "Адам өлтіру" бабымен қайта сараланған.

"Күдікті ұсталып, оған қатысты 10 тәулікке қамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалған. Он күннен кейін Талғар аудандық полиция басқармасы бізге бұлтартпа шарасын тағайындау бойынша екі айға өтініш хат жолдаған болатын. Аталған қылмыстық іс құжаттарын зерделей келе, құжаттар толық емес екені анықталды. Осыған орай біз оны қайтардық. Бүгін ол құжаттар толықтырылып, аудандық прокуратураға қайта жолданды", - дейді Талғар аудандық прокуратурасының аға прокуроры Рашид Шотабаев.

Оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта белгілі болмақ. Шетінеген сәбидің ата-анасы шындық ашылып, кінәлілер әділ жазасын алуын талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2015798-almaty-oblysynda-anasy-kutusige-tastap-ketken-bir-zasar-sabi-zumbaq-zagdaida-koz-zumdy/

pixel