Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді: мерт болғандар ішінде кәмелетке толмаған қыз бар
Жарияланған күні:
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды. Жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, алты адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізуші басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен.
Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр.
Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.
Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016015-symkentte-zurgizusisi-zoq-avtobus-tort-adamdy-qagyp-oltirdi-mert-bolgandar-isinde-kameletke-tolmagan-qyz-bar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.