Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мойын, кеуде және ішіне пышақ сұққан: БҚО-да әйелге шабуыл жасады деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сәуірдің 7-нен 8-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысында 28 жастағы келіншек мойын, кеуде және іш тұсынан пышақ жарақатын алған. Кеше полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, 9 сәуірде Батыс Қазақстан облысының полицейлері әйелге шабуыл жасады деген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.

"Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді БҚО полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті. Ол бірнеше жерден пышақ жарақатын алған.

Еске салайық, оқиға 8 сәуір күні сағат 01:40-та БҚО-дағы Бәйтерек ауданы, Переметное ауылында болған. Тергеу мәліметінше, 33 жастағы ер адам кафенің жанында 28 жастағы бұрынғы әйеліне бірнеше рет пышақ сұғып, кейін ол оқиға орнынан бой тасалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016082-moiyn-keude-zane-isine-pysaq-suqqan-bqo-da-aielge-sabuyl-zasady-degen-kudikti-ustaldy/

pixel