Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде интернатта кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі фото: Рixabay.com

Семейде интернатта кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасы.

Құзырлы органның мәліметінше, 7 сәуірде мектеп-интернатта өліммен аяқталған жазатайым оқиға болған. 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қалған, алайда жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ол көз жұмған.

"Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Сонымен қатар ведмоство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты деректер жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016377-semeide-internatta-kameletke-tolmagan-balanyn-qaitys-boluyna-bailanysty-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel