Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы маңында қураған ағаш пен қамыс өртенді: қызыл жалын алты сағаттан кейін сөндірілді

Опубликовано:

Астанада әуежай ауданындағы қамыс өртенді
Астанада әуежай маңындағы қамыс өртенді. Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

Астана халықаралық әуежайы маңында шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

"Елордалық гарнизон өрт сөндірушілерінің күшімен әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Осы ретте ведомство техниканың жану аймағына баруы қиын болғаны, желдің өрттің таралуына ықпал етуі өртті сөндіруді қиындатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгін, 13 сәуір күні сағат 12:28-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Халықаралық әуежай аумағында 1 гектар қураған ағаш пен қамыстың жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түскен еді.

Сол кезде ТЖД өртті жою үшін оқиға орнында 40 адам жұмыс істегенін, 5 техника мен қала әкімдігінің 4 суару техникасы жұмылдырылғанын мәлімдеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016689-astana-auezaiy-manynda-syqqan-quragan-agas-pen-qamys-orti-alty-sagattan-keiin-sondirildi/

pixel