Павлодарда 3 жастағы бала терезеден құлап кетті
Жарияланған күні:
Павлодарда 9 қабатты үйлердің бірінде 3 жастағы бала терезеден құлап, мерт болды, деп хабарлайды Astana телеарнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, оқыс оқиға Толстой көшесіндегі 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Оны сол жерден өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі көріп, жедел жәрдемге хабар берген. Ал бала үйде қараусыз қалған көрінеді.
Жыл басынан бері өңірде 4 бала биіктен құлаған. Абырой болғанда, оның үшеуі аман. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларына мұқият қарауға және терезеге қорғаныш құралдарын орнатуға кеңес береді.
"Жедел-жәрдемге оқиға куәгерінен бойынша баланың терезеден құлағаны туралы қоңырау түсті. Бригада оқиға орнына 3 минутта жетті.
Куәгердің сөзінше, бірінші терезенің қорғаныш торы құлап, артынша бала жерге түскен. Дәрігерлер баланың биологиялық өлімін тіркеді", – дейді облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016724-pavlodarda-3-zastagy-bala-terezeden-qulap-ketti/