"Ит қапқан болуы мүмкін": Жаркентте көшеден 54 жастағы тұрғынның денесі табылды
Жарияланған күні:
Жаркент қаласындағы көшелердің бірінен 54 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды. Оны ит қапқан болуы мүмкін. Қазір Жетісу облысының полициясы ер адамның өлімі нақты неден болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы.
Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін, 15 сәуірде таңертең тіркелген. Денесі табылған ер адамның басында жырымдалған жарақаттар бар. Болжам бойынша марқұмды ит қапқан болуы мүмкін.
Себебі, жақын маңдағы жер үйдегі күшіктеген питбульдің жүнінен қан тәрізді қоңыр дақтар анықталған.
"Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан кейін болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталып жатыр.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016887-it-qapqan-boluy-mumkin-zarkent-koselerinin-birinen-54-zastagy-turgynnyn-denesi-tabyldy/