Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы базарлардың бірінде өрт шықты

Опубликовано:

"Жетісу" базары өртенді
"Жетісу" базары өртенді. Фото: zakon.kz

Алматыда ТЖД алдын ала мәліметінше, Құлжа тас жолындағы "Жетісу" базарындағы контейнерлердің бірі өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 18 сәуірде 19:10-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, Құлжа трактісі, 181 мекенжайында орналасқан Жетісу базарына аттанған.

ТЖД мамандары қалада көлік кептелісі болып жатқанына қарамастан оқиға орнына 19:19-да келіп жеткен.

"Оқиға орнына жеткен сәтте контейнерлердің жанып жатқаны анықталды. Дереу өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін қорғауға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратынша, өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақыланған.

Қызыл жалын сағат 19:50-де, яғни 31 минуттың өшінде ауыздықталған. Ал сағат 20:01-де өрт толықтай сөндірілге. Өрттің жадпы аумағы 120 шаршы метрді құрады.

ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер аумағы 1 мың шаршы метрді құрайтын, ішінде тауарлары мен құрал-жабдықтары бар көршілес контейнерлерді аман алып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017287-almatydagy-bazarlardyn-birinde-ort-syqty/

pixel