Ақтөбе облысында ер адам қасқырды шынжырмен өлтірген
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамның видеосын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы Telegram-дағы ресми арнасында.
Медиа-порталдың мәліметінше, Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ауданның 37 жастағы тұрғынын анықтады.
Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірген.
"Ауыл тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017445-aqtobe-oblysynda-er-adam-qasqyrdy-synzyrmen-oltirgen/