Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада үйдегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Қызылордада үйдегі жарылыс сәті
Жарылыс. Видеодан кадр: T.me/qumash_kz

Қызылордада үйдегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған. Кадр желіде пайда болды. Оқиғаның мән-жайын Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 19 сәуір күні сағат шамамен 10:58-де Қызылорда қаласындағы Яншина көшесінде орналасқан жекеменшік үйде газ ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқан. Сондай-ақ жарылыс салдарынан 182 шаршы метр аумақ қирап, өрт аумағы 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына ойысқан.

Қызылордада жарылыс болған үй
Оқиға орны. Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Құтқарушылар келгенге дейін жедел медициналық көмек бригадасы Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматын І-дәрежелі күйік диагнозымен қалалық ауруханаға жеткізген. Оның беті, қолы, мойны күйген.

Оқиға орнында штаб құрылып, өрт сөндіру жұмысы ұйымдастырылған. Өрт сағат 12:09-да толықтай сөндірілген. Өрттің себебі анықталуда.

Қызылордада жарылыс болған үй
Оқиға орны. Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Өртті сөндіру үшін Қызылорда облыстық ТЖД (25 қызметкер және 5 техника бірлігі), Апаттар медицинасы орталығы (4 қызметкер, 1 техника бірлігі), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), "Қызылорда электр тораптарын тарату" АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті полиция қызметі басқармасы (2 қызметкер 1 техника бірлігі) жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017564-qyzylordada-uidegi-zarylys-sati-videoga-tusip-qaldy-foto-video/

pixel