Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде өртенген үйден екі баланың денесі табылды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет: t.me/qr_tjm

21 сәуірде Ақтөбеде өрт сөндірушілер өртенген үйден екі баланың денесін алып шықты. Тұрғын үйде барлығы бес адам болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 04.08-де түскен. Ақтөбе қаласы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны хабарланған.

Оқиға орнына 3 өрт сөндіру машинасымен 16 өрт сөндіруші келген. Өрт ас үй мен шатырға апаратын дәлізде тұтанғаны анықталды.

"Өртті сөндіргеннен кейін үйден екі баланың, 2013 жылы туған ұл мен 2019 жылы туған қыздың денесі табылды. 69 жастағы әйел жансақтау бөліміне жеткізілді", - дейді ТЖД өкілдері.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өртенген үйде 5 адам болғанын, оның екеуі бала екенін айтты. Сондай-ақ ТЖД оқыс оқиғаның себебі анықталып жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017760-aqtobede-ortengen-uiden-eki-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel