Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен оның көршісі ұсталды
Жарияланған күні:

Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Жетісай ауданының полиция бөліміне әйел адам шағымданған.
Ол шағымында өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барып, барлық жедел шараларды атқарған. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамасы тағайындалған.
Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ бұл жайтты Түркістан облыстық полиция департаментінің басшылығы тікелей бақылауын алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2017788-turkistan-oblysynda-kamelet-zasyna-tolmagan-qyzdy-zorlady-degen-kudikpen-onyn-korsisi-ustaldy/