Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорған қаласында бүгін, 3 мамырда бүлдіршінді жүк көлігі қағы кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, Көктал шағын ауданында үш жасар баланы ГАЗ-53 жүк көлігі қағып кеткен.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Осы ретте, Жетісу облысының полициясы балаларға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019253-taldyqorganda-zuk-koligi-us-zasar-balany-qagyp-ketti/

pixel