Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жедел жәрдем диспетчері кеспеге тұншығып қалған қызды телефон арқылы құтқарды

Опубликовано:

Кеспе
Кеспе. Көрнекі фото: Pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жедел жәрдем диспетчері кеспеге тұншығып қалған қызды телефон арқылы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Глубокое ауданы Бобровка ауылында 25 жастағы қыз кеспе жеп отырып тұншығып қалған. Қасындағы таныстары не істерлерін білмей, бірден жедел жәрдемге қоңырау шалған.

"Қоңырауды диспетчер Марина Уразалинова қабылдаған. Оған қыздың тамаққа тұншығып, дем ала алмай жатқанын жеткізді. Диспетчер адамды санаулы секундтардың ішінде құтқару қажеттігін түсінген. Сөйтіп зардап шегушіге қашықтан көмектесіп, сол жердегі азаматтарға телефон арқылы Геймлих әдісін қалай жасау қажеттігін түсіндіреді. Нәтижесінде, сәтті реанимация жасалып, қыз аман қалды", – делінген ақпаратта.

Біраздан кейін жедел жәрдем қызметкерлері келіп, қызды Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына алып кетеді. Қажетті көмек көрсетілген соң ол үйіне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019635-sqo-da-zedel-zardem-dispetceri-kespege-tunsygyp-qalgan-qyzdy-telefon-arqyly-qutqardy/