Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қайтыс болды
Жарияланған күні:
Алматы облысы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылында бір үйдің алты адамы белгісіз заттан уланып, бесеуі қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға жайлы хабарлама кезекші бөлімге 4 мамыр күні сағат 16:04 шамасында келіп түскен.
"ТЖД кезекші бөліміне Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көлащы ауылында жеке тұрғын үйде 6 адам (2 ересек және 4 бала) бұрын белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде", - делінген ресми хабарламада.
ТЖД мамандары оқыс жағдайдың алдын ала себебінің бірі - белгісіз затпен улану деп атап өткен.
Сондай-ақ ведомство мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ТЖД-ның зерттеу сынақ өрт зертханасы, газ қызметі және СЭС қызметі дереу жіберілгенін хабарлады.
"Оқиға орнына Алматы облыстық ТЖД-ның 2 қызметкері мен 1 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 4 қызметкері мен 2 техникасы, Қарасай ауданының 3 қызметкері мен 1 техникасы, 3 қызметкер және бір СЭС техникасы барды. Алғашқы жиналған материал Қарасай ауданының полиция басқармасына берілді", - дейді ведомствоның ресми өкілі Гүлмира Әбілқасымова.
Сол арада Sputnik Қазақстан агенттігінің жазуынша, газ қызметі оқыс оқиға болған үйдің газ жабдығын тексеру кезінде ешқандай ақау табылмаған. Тілшілердің хабарлауынша, отбасы мүшелері тамақтан уланған деген күдік бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2019882-almaty-oblysynda-akesi-men-tort-balasy-belgisiz-zattan-ulanyp-qaitys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.