Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда подъездің кіреберіс шатыры құлап, бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Кіреберіс шатыры құлаған көпқабатты тұрғын үй
Кіреберіс шатыры құлаған көпқабатты тұрғын үй. Оқиға орнынан фото: lada.kz

Ақтауда көпқабатты тұрғын үй подъезінің кіреберіс шатыры опырылып, салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі зардап шекті. Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, оқыс оқиға бүгін, 11 мамырда 9-шы шағын аудандағы №4 үйде болған.

"Бір ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар ведомство басылымға зардап шеккен екі азамат қазір медициналық тексеруден өтіп жатқанын, олардың жағдайы тұрақты екенін мәлім еткен.

Кіреберіс шатыры құлаған көпқабатты тұрғын үй
Кіреберіс шатыры құлаған көпқабатты тұрғын үй. Оқиға орнынан фото: lada.kz

Сондай-ақ басылымның мәліметінше, қаза болған және зардап шеккен азаматтар - мердігер ұйымның қызметкерлері. Оқыс жағдай жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған.

Басылым қазіргі таңда оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020110-aqtauda-kireberis-mandaisasy-adamdardyn-ustine-qulap-bir-adam-qaza-tapty/

pixel