Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде үшінші қабаттағы балкон қирап, оның үстінде тұрған әйел құлап түсті

Опубликовано:

Қираған балкон
Қираған балкон. Оқиға орнынан фото: yk-news.kz

Кеше, 18 мамыр күні Өскеменде төтенше жағдай болды - тұрғын үйдің үшінші қабатындағы балкон қирап, салдарынан оның үстінде тұрған әйел жерге құлап түсті, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым мәліметінше, ғимаратта пәтерлер мен түрлі фирмалардың кеңселері орналасқан.

Балкон опырылған кезде, оның үстінде жас келіншек тұрған. Ол ауруханаға жеткізілген.

Ал оқиғаның мән-жайын куәгерлер айтып берді.

"Біз гүрс ете қалған дауысты естіп, көшеге жүгіріп шықтық. Қарасақ, әйел етпетінен жерде жатыр. Ол есін біліп жатты, өзін Наргиз деп таныстырды. Сол кезде ашық тұрған балконнан жылаған баланың дауысы естілді.

Зардап шеккен әйел пәтерде кішкентай бала қалғанын айтты. Мен дәрігер болғандықтан, одан аяқ-қолын қимылдатып көруін сұрадым, ол қимылдата алды, менімен сөйлесіп жатты. Кейін жедел жәрдем келіп, оны алып кетті. Бұл өте қорқынышты болды, бізде ескі балкондар көп, адам бір минутта-ақ ажал құшуы мүмкін", - дейді қала тұрғыны Бақытгүл Ақылбаева.

Куәгерлердің айтуынша, Наргиздің жолы болған. Себебі сол жердегі кеңседе медициналық білімі бар адамдар жұмыс істейді. Олар Наргизге және түтінге оранған пәтерде қалған балаға дер кезінде жан-жақты көмек көрсете алған.

"Жүгіріп барғанымызда, ол пәтерде бала қалып қойғанын қайталап айтып жатты. Біз оның тамақ істеу үшін пешті қосып, қазанды қойғанын білдік. Бала үшін қатты алаңдап кеттік. Ол да балконға жорғалап барып, қираған жерден жерге құлап кете ме деп уайымдадық.

Қолымыз дірілдеп кетті. Есікті аша алатындарды іздеуге жүгіріп кеттік. Қайта олардың көршісінде болгарка болғаны жақсы болды, кіреберіс есігінің топсасын кесе алды. Есік ашылғанда пәтер іші көк түтін екенін байқадық. Үстелдің астында ұл бала жылап отырды. Алты айлық бала сияқты көрінді, оны көрпеге орап, сыртқа алып шықтық. Әйелдің туыстары келгенге дейін ол кеңседе болды", - дейді төтенше жағдайдың тағы бір куәгері Раушан Смайылова.

Медқызметкерлер балконнан құлаған әйелге көмек көрсетуде
Медқызметкерлер балконнан құлаған әйелге көмек көрсетуде. Оқиға орнынан фото: yk-news.kz

Наргиз туристік фирма кеңсесінен небәрі бірнеше метр жерде құлаған, ал оның қызметкерлері бірнеше жылдан бері балконның ақырындап қирай бастағанын байқап жүрген және зардап шеккен әйелге бірінші болып көмекке келген.

"2017 жылдан бері балконнан қатқан ерітіндінің кесектері құлауда. Кәсіпкерлер олар келген клиенттердің басына түсе ме деп қорқатын. Бұған кім жауапты, тағы бір қайғылы оқиға болмас үшін қирап тұрған конструкция бойынша кімге хабарласуға болады?", - дейді туристік агенттіктің қызметкері Валерий Серов.

Оқиғаның тағы бір куәгері – зардап шеккен әйелдің көршісі Любовь Зиновьев.

"Мұнда пәтер жалдаушылар тұрады, осы үйге жауапты ретінде маған балконның астында орналасқан дүкеннен шағымданған болатын, олар балконның опырылып жатқанын, бетон бөліктері түсіп жүргенін айтқан еді. Бірақ ешқандай шара қолданылмады, ал бүгін қайғылы оқиға болды", - дейді Любовь Зиновьева.

Басылымның ШҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккен әйел медициналық тексерістен соң үйіне жіберілген. Абырой болғанда оның еш жері сынбаған және ешқандай ауыр жарақат алмаған. Тек денесінде сырылған жерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021213-sqo-da-usinsi-qabattagy-balkon-qirap-onyn-ustinde-turgan-aiel-qulap-tusti/

pixel