Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады (видео)

Опубликовано:

Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты
Атырауда көпқабатты үйден өрт шықты. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Бүгін, сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесінде орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан. Атыраулық полицейлер өрт шыққан пәтерден 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

Ақпараттық-медиа порталдың мәліметінше, 19 мамыр, сағат 11:40 шамасында Атырау қаласы Әйтеке би көшесінде орналасқан 15 қабатты үйдің дәлізінің қосалқы бөлмесінде өрт шыққан. Жалын шарпыған үйге Атырау қалалық полиция басқармасының аға учаскелік полиция инспекторлары Самалбек Бегалиев пен Асыланбек Жолай оқиға орнына дереу келіп, өрттің үшінші қабаттан шығып жатқанын байқаған.

ІІМ ақпаратынша, тәртіп сақшылары төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, көмектескен. Қызметкерлердің жедел әрекеті нәтижесінде өртке оранған үйден екі зейнеткер, 10 жасөспірім (оның ішінде төрт нәресте бар) мен 13 пәтер тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылып, нәтижесінде 25 адам эвакуацияланды.

"Адам өміріне қауіп төнген уақытта ойлануға уақыт жоқ. Сын сағатта дереу әрекет етпесек, кеш қалуымыз мүмкін еді. Оқиға орнына келген кезде өрттің үшінші қабаттан шыққанын байқап, төтенше жағдай қызметкерлерімен дереу әрекет етіп, үй ішінде қалған 25 тұрғынды сыртқа шығардық. Шұғыл шешім қабылдаудың нәтижесінде жарақат алған адам болмады", - дейді өртті сөндіруге атсалысқан қос полицей Самалбек Бегалиев пен Асыланбек Жолай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021332-atyraulyq-policeiler-ort-syqqan-paterden-25-adamdy-evakuaciyalady-video/

pixel