Атырауда жол апатынан 4 адам көз жұмды
Опубликовано:

20 мамыр күні Атырауда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133-шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz Telegram-арнасында.
Ведомствоның хабарлауынша, 20 мамыр Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Салдарынан Toyota өртеніп, жүргізушісі мен 3 жолаушы көз жұмған. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Тергеп-тексеру ісі басталды.
"Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды", – деді Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021395-atyrauda-zol-apatynan-4-adam-koz-zumdy/