jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

    терезе
    Терезе. Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар қаласында алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, 21 мамыр күні сағат 20:00 шамасында алты жасар баланың Чокин көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

    "Жедел жәрдем оқиға орнына 4 минутта жетті. 2017 жылы туған бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған", – деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, мұндай жағдай Павлодар қаласында бұған дейін де болған еді. Яғни, биыл сәуір айында үш жасар бала Толстой көшесіндегі үйдің тоғызыншы қабатының терезесінен құлап, көз жұмған болатын.

    Бұдан бөлек, таяуда Қарағанды қаласында екі жасар бала терезеден құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған еді.

    Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.