Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті (фото)

Опубликовано:

Үйге соғылған көлік
Үйге соғылған көлік. Оқиға орнынан фото: Mgorod.kz

Оралда екі көлік соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен бала зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Порталдың БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 25 мамырда Әбдіров пен Январцев көшелерінің қиылысында Renault Logan және Lada Priora көліктерінің қатысуымен жол апаты болған.

"Renault жүргізушісі Lada көлігін өткізбегендіктен, екеуі соқтығысып қалған. Соққыдан Renault жарық бағанасына соғылса, ал Priora тұрғын үйге соғылған", – деп түсіндірді полициядан.

Басылым жол апатынан екі адамның Lada жүргізушісі мен Renault-дың сегіз жасар жолаушысы жарақат алғанын атап өтті.

Бағанаға соғылған көлік
Бағанаға соғылған көлік. Оқиға орнынан фото: Mgorod.kz

Сондай-ақ басылымның жазуынша, 20 жастағы Renault жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша ("Адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша хаттама толтырылған.

ӘҚБтК-нің бұл бабына сәйкес көлік жүргізушісіне 40 АЕК (138 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2022196-oralda-zol-apatynan-keiin-kolik-uige-sogylyp-eki-adam-zardap-sekti-foto/

pixel