Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Найзағай түскен": СҚО-да ен даладан мал бағып жүрген ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында ен даладан мал бағуға шыққан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz жаңалықтар арнасы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 25 мамырда СҚО-ның Аққайың аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Дайындық және Ленинское ауылдарының арасында 31 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ер адам мал бағушы ретінде жұмысқа орналасып, жайылымда мал бағып жүрген.

"Ер адамға найзағай түскені анықталды, салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған, сондай-ақ жылқысы да өлген", - дейді полиция өкілдері.

Полиция аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2022232-naizagai-tusken-sqo-da-en-dalada-mal-bagyp-zurgen-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel