Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бургер дайындайтын дүңгіршек өртенді (видео)

Опубликовано:

Өрт болған жер
Оқиға орнынан фото: t.me/kris_p_almaty_official

30 мамыр, сейсенбіде Алматыда бургер сататын дүңгіршектен өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап, KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыдағы бургер сататын дүңгіршектің өртеніп жатқан сәтінен видео желіде тарады.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 541 үйдің маңындағы бургер сататын ГИППО дүңгіршегінің сағат 08.49-да өртенгені туралы хабарлама тіркелген.

"Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыды. Өрттің таралу қаупі болған жоқ. Өрт сағат 09.14-те өшірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2022578-almatyda-burger-daiyndaityn-dungirsek-ortendi-video/

pixel