Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы қонақ үй маңынан итбалықтың өлі денесі табылды

Опубликовано:

Итбалық
Итбалық. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өлген жануар Ақтау қаласындағы жағалауда, теңізден біршама қашықтықта табылған. Оның қалаға қалай келгені белгісіз. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтауда қала тұрғыны жағалауда қанға бөккен өлі итбалықты тауып алған.

"Теңіз жағасында итпен серуендеп, 15-шағын аудандағы қонақүйдің алдында қоқыс жәшігінің жанынан өлі итбалық таптым. Тұмсығы сынып, қанаған. Оның өлексесін біреулер қоқыс жәшігіне сүйреп апарғаны көрініп тұр", – деді қала тұрғыны.

Жергілікті тұрғындар дереу мамандарды шақырған. Итбалықты тауып алған куәгерлер итбалықты әлдебіреулер зақымдаған деп болжайды.

Экологтар итбалықтың өлексесі ыдырай бастағандықтан, жануар өлімінің себебін анықтау мүмкін емес екенін айтты.

"Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағында бақылау жұмыстарын жалғастыруда. 30 мамыр күні итбалық өлексесі табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірге жұмыс тобы келді. Теңіз жануарының өлексесі қатты ыдырай бастағандықтан итбалық өлімінің себебін анықтау үшін гистологиялық сынамаларды ала алмадық", – деп хабарлады ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2022688-aqtaudagy-qonaq-ui-manynan-qanga-bokken-itbalyqtyn-oli-denesi-tabyldy/

pixel