Ақтөбеде скутер тізгіндеген 16 жастағы бозбала жол апатынан көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақтөбе қаласында скутер тізгіндеген 16 жастағы бозбала жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" ресми арнасы хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 31 мамырда Ақтөбе қаласындағы Ә.Джангилдин мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан.
Скутерді 16 жастағы бозбала басқарған. Ол оқиға орнында көз жұмған.
Полиция бұл факті бойынша қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Сондай-ақ құзырлы орган өкілдері скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер ол жоқ болса, жолдың оң жақ шетімен жүруі керек екенін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2022866-aqtobede-skuter-tizgindegen-16-zastagy-bozbala-zol-apatynan-koz-zumdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.