Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суға тұншығып, қолын бұлғады": Абай облысында кішкентай бала суға батып кете жаздаған

Опубликовано:

Cудың толқыны
Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысындағы Шүлбі кентінде 3 маусымда суға кетіп қала жаздаған баланы құтқарушы байқап, аман алып қалған. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Шүлбі кентіндегі "Жанай" демалыс базасында азаматтық қорғау кіші сержанты самалжайдың жанынан өтіп бара жатып, суға батқан баланы байқаған.

Қатты үрейленген бала суға тұншығып, қолын бұлғаған.

ТЖМ ақпаратынша, № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Алтынбек Әлімжанов ұзақ ойланбастан, көмекке жүгірген. Кіші сержант киімін шешпестен, баланың артынан суға түсіп, оны құтқаруға әрекет жасаған.

"Баланы жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті. Содан кейін бала ата-анасына тапсырылды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық", - деді ведомстводан.

Абай облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды. Атап айтқанда,

  • мас күйінде шомылуға болмайды;
  • тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • орнатылған белгілерден алыс жүзбеңіз;
  • қайықтың бортында және алдыңғы бөлігінде отыруға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023336-suga-tunsygyp-qolyn-bulgady-abai-oblysynda-kiskentai-bala-suga-batyp-kete-zazdagan/

pixel