Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жасөспірім қыз суға батып кетті

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 5 маусымда Абай облысында ересектердің қарауынсыз қалған 15 жастағы қыз бала суға батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Бесқарағай ауданы Стеклянка ауылындағы Ертіс өзенінде бала суға батып кетті.

"2008 жылы туған қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, шомылуға арналмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Құтқарушылар қыз баланың денесін шығарып алды", - делінген хабарламада.

Осы ретте, министрлік қазақстандықтарға су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023483-abai-oblysynda-zasospirim-qyz-suga-batyp-ketti/

pixel