Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үй кешенінің тұрағында 6 көлік пен 3 қойма өртенді (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіру жұмысы
Өрт сөндіру жұмысы. Фото: t.me/qr_tjm

6 маусым күні желіде елордадағы "Кристалл" тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы видео тараған болатын. Кейін тұрғын үй кешенінің тұрағында шамамен 100 шаршы метр аумақта алты көлік пен үш қойма өртенгені белгілі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 6 маусымда сағат 11:56-да Мұхамедханов көшесі бойындағы паркингте үш қойма мен алты жеңіл автокөлік жанды, оған қоса жылу әсерінен тағы төрт көлікке зақым келген.

Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автосатының көмегімен 17 адам, оның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге көшірілген.

Өрт сөндіру жұмысы
Өрт сөндіру жұмысы. Фото: t.me/qr_tjm

Ведомствоның жазуынша, алдын ала болжам бойынша "улы газдан улану" диагнозымен ауруханаға үш адам жеткізілген.

Сағат 14:33-те өрт оқшауланып, 15:02-де толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 18 техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023605-astanada-turgyn-ui-keseninin-turagynda-6-kolik-pen-3-qoima-ortendi-foto-video/