"Өзі суға тарта бастаған": Павлодар облысында 17 жастағы студент суға батып кетті
Жарияланған күні:
Павлодарлық құтқарушылар рұқсат етілмеген жерде шомылған жігіттің денесін тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Облыстық ТЖД мәліметінше, сағат 15:33-те пультке Усольский көпірінің маңында ер адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар жеткенше жігіт суға батып кетті. Іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында сағат 16:06-да мәйітті сүңгуірлер жағадан 20-25 метр қашықтықта, 2-3 м тереңдіктен тапты.
Батып кеткен жігіт 2006 жылы туылған ПМУ-нің 1-ші курс студенті.
Ол 3 досымен бірге шомылуға тыйым салынған жерде суға тускен. Марқұм суға бата бастағанда оның досы жүзіп келіп, оны шығарып алмақшы болған. Бірақ ол сол сәтте үрейленіп, қарсылық көрсетіп, суға өзімен бірге тарта бастаған. Достарың айтуынша олар спирттік ішімдік ішпеген.
Төтенше жағдайлар департаменті шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуді ескертеді. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023829-ozi-suga-tarta-bastagan-pavlodar-oblysynda-17-zastagy-student-suga-batyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.