Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өрт кезінде жоғалған тракторшының денесі табылды (видео)

Жарияланған күні:

Сергей Архипов
Өрт кезінде жоғалған тұрғын. Фото: instagram.com/abai_department_police

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған тұрғын Сергей Архиповтың денесін тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Полицейлер 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғынының денесін жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден тапқан.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері жоқ.

Ер адамның мәйіті қызметтік иттің көмегімен табылған. Облыстық департаменттің кинологиялық бригадасы құрамында болған қызметтік ит оларға белгі беріп, трактор табылған жерден орман белдеуіне дейінгі ер адамның жолына түскен.

"Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру дерегі жария етуге ​​жатпайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция қызметкерлері Сергей Архиповтың тракторын тапқан. Трактор Бородулиха ауданы, Дмитриевка ауылынан маңында тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2024585-abai-oblysynda-ort-kezinde-zogalgan-traktorsynyn-denesi-tabyldy-video/