ІІМ: Астанада қаруланған ер адам банк ғимаратына келушілерді қамап ұстап отыр
Жарияланған күні:
Қарулы ер адам Астанадағы "Керуен" сауда орталығы маңындағы банк ғимаратында адамдармен бірге ішінен есікті құлыптап алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы Polisia.kz хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, Достық көшесіндегі "Каспий" банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Ер адаммен келіссөз жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзырлы органдардың жұмысына кедергі болмауын сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025271-qaruly-adam-keruen-sauda-ortalygynyn-manyndagy-bank-gimaratynda-adamdardy-tutqynga-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.