Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция Каspi Bank келушілерін кепілге алу оқиғасына қатысты үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Полиция Каspi Bank келушілерін кепілге алу оқиғасына қатысты көпшілікке үндеу жасап, сабырлық сақтауға шақырды. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кәсіби мамандар Каspi Bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде

Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр.

Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ.

Азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.

️Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды", - деді полициядағылар.

Сол арада әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері Kaspi Bank ғимаратында адамдарды қамап ұстап отырған қаруланған ер адаммен келіссөз жүргізген сәті тарады.

Видео Astanovka98 Telegram арнасында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025282-policiya-kaspi-bank-kelusilerin-kepilge-alu-oqigasyna-qatysty-undeu-zasady-video/

pixel