Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана маңындағы өрт: министр оқиға орнына екі облыстан қосымша көмек шақыртты

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер отқа су шашуда
Астана маңындағы өрт. Фото: instagram/tjm_mchs

Төтенше жағдай министрлігі Астанадағы өртке байланысты жедел ақпарат таратты. Бұл туралы ведомствоның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде алдын шамамен 50 га алаңда қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнында төтенше жағдайды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.

Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.

2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеуде.

Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.

Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылды, 18 рет шамамен 63 тонна су төгінді.

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр", - делінген министрліктің ресми парақшасында.

Айта кетелік, елорда маңындағы құрғақ шөптердің өртенуіне байланысты Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасап, далаға шықпауға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025482-astana-manyndagy-ort-ministr-qaragandy-men-aqmola-oblysynan-qosymsa-kus-saqyrtty/