Баянауыл тауларына барып, аяғын сындырып алған зейнеткер құтқарылды
Жарияланған күні:
Құтқарушылар Баянауыл тауларында аяғын сындырып, таудан түсе алмаған 65 жастағы зейнеткерді құтқарып алған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
ТЖМ ақпаратынша 20 маусымда "Жасыбай" демалыс аймағында 1958 жылы туған ер адам тауда жүріп, үлкен биіктіктен құлап, аяғын сындырып алған. Соның салдарынан таудан түсе алмаған.
"Оқиға орнына бірден альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық топ шықты", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Ведомство өкілдері құтқарушылар зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен мамандандырылған зембілді пайдаланып түсіргенін атап өтті. Олар кейін зейнеткерді жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025980-bayanauyl-taularyna-baryp-ayagyn-syndyryp-algan-zeinetker-qutqaryldy/