"Жағдайы ауыр": Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті
Жарияланған күні:
Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кеткен. Қазіргі таңда бала ауруханаға жатқылызған. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 26 маусым күні сағат 19:00-де Еңбекші ауданы, Орынбай ақын көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан 6 жасар ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түскен.
"Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр", - деп хабардар етті ведомстодан
ТЖМ ата-аналардан балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет ережелерді ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2026536-zagdaiy-auyr-symkentte-kopqabatty-uidin-terezesinen-6-zasar-bala-qulap-ketti/