Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana LRT бағанына көлік соғылды: адам өліміне әкелген жол апаты видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Astana LRT құрылысына соғылған көлік
Astana LRT құрылысына соғылған көлік. Фото: t.me/astanovka98

Елордадағы Astana LRT бағандарының біріне көлік соғылды. Әлеуметтік желіде жол апаты орнында түсірілген видео тарады. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елордадағы Astana LRT бағандарының біріне жеңіл көлік соғылған. Жол апатының видеосы Instagram желісіндегі Astana Sergek 24/7 парақшасында жарияланды.

Кадрда қатты зақымданған көлікті көруге болады. Көлік қалдықтары соққыдан айналаға шашылып кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және өрт сөндіру қызметкерлері келді.

Астана полиция департаменті жол апатына қатысты мәлімет берді.

"29 маусым күні таңғы сағат 06:04 шамасында Арыс көпірінде Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, бетонды тірекке соғылған.

Жол-көлік апаты салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді елордалық полиция департаментінің қызметкерлері.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2026785-kolik-astana-lrt-baganyna-sogyldy-adam-olimine-akelgen-zol-apaty-videoga-tusip-qaldy/