Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іле-Балқаш резерватындағы тілсіз жау: өртті сөндіру жұмыстары қалай жүріп жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру көліктері
Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

Алматы облысында Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. ТЖМ қамыстың тереңдігі мен жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатқанын атап өтті. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіруді тереңдігі 1,5 метрге дейін жететін қамыс қалдығы қиындатуда. Ведомство өкілдері оқиға орнында өртті сөндіруге авиация жұмылдырылса да, жану жалғасып жатқанын атап өтті.

"Өрт автотехникасының өтуі мүмкін болмағандықтан және өрт орнына жету қиын болғандықтан, қол құралдарын: сақпандарды, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану арқылы өрт жер үсті тәсілімен сөндірілуде", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ өкілдері жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы өртпен сөндіру әдісі қолданылатынын айтты.

"Қазавиақұтқару" тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су төгуді жалғастыруда.

"Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды. Бүгін 29 шілде "Қазавиаорманқорғау" тікұшағымен резерваттағы жағдайды айналып ұшып бағалау және жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру жүргізілетін болады", - деп хабардар етті ведомство.

ТЖМ өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайтынын айтты.

Айта кетейік, 25 маусымда ТЖМ Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 гектар алаң өртенгенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ ведомство өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектарға жеткенін, оның ішінде сөндірілгені - 6050 гектар болған мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2026796-ile-balqas-rezervatyndagy-tilsiz-zau-ortti-sondiru-zumystary-qalai-zurip-zatyr-video/