jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағанды облысында спорт кешені опырылды (видео)

    Спорт кешені опырылған сәт
    Спорт кешені опырылған сәт. Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

    Қарағанды ​​облысы Нұра ауданы Шұбаркөл ауылында куәгерлер спорт кешенінің опырылған сәтін видеоға түсіріп алған. Бұл жайтқа қатысты аудан әкімдігі мен ғимаратқа иелік ететін компания пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ғимараттың опырылған сәтінен видео желіде тарады. Желі қолданушыларының жазуынша, жергілікті карьер жұмысшылары күн сайын бос уақыттарын осы спорт кешенінде өткізеді.

    Бұл оқиғаға қатысты Нұра ауданы әкімдігі пікір білдірді. Әкімдік спорт кешені "Шұбаркөл көмір" АҚ-ға тиесілі екенін хабарлады.

    Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, ғимаратта сәуір айынан бері жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    "Центральный" кенішінің аумағындағы мәдени-спорт кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат 1989 жылы салынған. 25 маусымда "Шұбаркөл көмір" АҚ вахталық қалашығындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай опырылды. Кәсіпорын қызметкерлерінен де, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым тарапынан да зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда", – делінген компания хабарламасында.

    Сондай-ақ компания өкілдері компания қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін вахталық қалашықта 2019 жылы салынған ашық футбол алаңы мен воркаутпен айналысуға арналған алаң бар екенін атап өтті.

    Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.