Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 28 жастағы келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

Опубликовано:

Қылмыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте жалға алынған пәтерлердің бірінен зорлық белгісі бар 28 жастағы келіншектің денесі табылды. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, марқұм Шымкент қаласына жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шыққан.

"Әл-Фараби АПБ-ның “102” арнасына жалға алынған пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған Шымкент қаласы ПД-ның жедел-тергеу тобы шықты. Аудан прокурорлары да келді. Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді.

Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге және оны ұстауға кірісті. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу кезінде кісі өлтіруге қатысы бар жас жігіт жедел уәкілдердің көзіне түсті.

Ол 29 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Осы азаматтың деректерімен бірден барлық бөлімшелерге бағдарлар жіберілді. Нәтижесінде Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Жетісай ауданында тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Тергеушілер жасалған қылмыстың себебін анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027179-symkentte-28-zastagy-kelinsekti-oltirdi-degen-kudikpen-turkistan-oblysynyn-turgyny-ustaldy/

pixel