Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салдарынан екі бала зардап шекті": Қарағанды облысында аудандық мәслихат депутаты жол апатына түсті

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған көлік
Жол апатына ұшыраған көлік. Фото: t.me/vechernaya_karaganda

Желіде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында мәслихат депутаты мотоциклдегі екі жасөспірім мен тоғыз сиырды қағып кеткені туралы хабарлама тарады. Оқиғаның мән-жайын Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған ақпарат сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 2 шілдеде болған. Жол апатына ұшыраған Nissan көлігін аудандық мәслихаттың 33 жастағы қызметкері басқарған.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Қарағанды облыстық ПД мәліметінше, жол апаты 2 шілдеде Бұқар жырау ауданында, елдімекендердің біріне жақын Ботақара-Доскей тасжолында болған.

Көлік тізгініндегі 33 жастағы әйел жолдан өтіп бара жатқан ірі қараларды қағып кеткен.

"Одан кейін жүргізуші рульді басқара алмай, 8 және 16 жастағы екі бала мінген мотоциклмен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған екі бала медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабардар етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық ПД ақпаратынша, бұл факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Zakon.kz порталының хабарлауынша, Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков Nissan көлігінің тізгінінде Amanat партиясының Бұқар жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева болғанын растаған.

Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз жетекшісі Анар Шаймерденованың сөзінше, қазір Анар Бозаева демалыста.

Бұқар жырау аудандық мәслихаты аппараты ресми сайтының мәліметінше, Анара Бозаева 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2022 жылдың наурыз айынан бері Amanat партиясының Бұқар жырау ауданы бойынша филиалының төрағасы болып қызмет атқаруда.

2023 жылғы 19 наурызда сегізінші шақырылымдағы Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027371-saldarynan-eki-bala-zardap-sekti-qaragandy-oblysynda-audandyq-maslixat-deputaty-zol-apatyna-tusti/

pixel