Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жас қызды аяусыз соққыға жыққан бойжеткендерге сот үкімі шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: polisia.kz

Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде өз құрдастарын аяусыз соққыға жыққан қыздарға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған іс бойынша 14 қыз тергеуге алынып, тек үш бойжеткен айыпталушы деп танылған болатын.

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы бұзақылық жасау) ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармағы (күш қолдану, адамдар тобы алдын ала сөз байласуы арқылы бопсалау) бойынша жүргізді.

Нәтижесінде, күдікті деп танылған 2 бойжеткенді үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ал үшінші қызға бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық зиянды өтеу өндірілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027769-oskemende-zas-qyzdy-ayausyz-soqqyga-zyqqan-boizetkender-sottalyp-ketti/

pixel