Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында көліктің дөңгелегі жарылып, салдарынан бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған көліктің қалдығы
Жол апатына ұшыраған көлік. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тас жолының 192 шақырымында рульді басқара аламай, көлік аударылып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 20 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен жолаушы әр түрлі жарақаттарымен Сарыозек ауруханасына жатқызылды.

Полицейлердің пайымдауынша, жол-көлік оқиғасы автокөліктің нашар техникалық жағдайының, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуінің салдарынан болған.

"Құрметті жүргізушілер, өз көлігіңіздің техникалық жағдайын мұқият қадағалауды сұраймыз. Дөңгелектердегі "резеңкені" дер уақытында (жыл маусымына сәйкес) ауыстырыңыз. Жол ережесі мен рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтаңыз. Автокөлікті басқару дер кезінде сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз", - деп ескертті полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027868-zetisu-oblysynda-koliktin-dongelegi-zarylyp-saldarynan-bir-adam-koz-zumdy/

pixel