Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"6 жасар бала, екі адам қаза тапты": ШҚО-да бір күнде адам шығынына әкелген екі жол-көлік оқиғасы болды

Опубликовано:

Жол апатына ұшыраған көлік
Жол апатына ұшыраған көлік. Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО-да бір күнде адам шығынына әкелген 2 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кеңсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Келесі жол-көлік оқиғасы 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.

Полиция хабарлауынша, ккі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады", - деді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2027950-6-zasar-bala-eki-adam-qaza-tapty-sqo-da-bir-kunde-adam-sygynyna-akelgen-eki-zol-kolik-oqigasy-boldy/

pixel